Ресей Федерациясы Украинадағы қақтығысты саяси-дипломатиялық жолмен реттеуге дайын екені туралы ақпарат таратты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы caliber-ге сілтеп.
Бұл туралы Ресей сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова брифинг барысында айтты.
Оның сөзінше, Мәскеу Украинадағы дағдарысты дипломатиялық жолмен шешу ұстанымынан ешқашан бас тартпаған.
«Біз өз тарапымыздан Украинадағы дағдарысты саяси-дипломатиялық жолмен реттеуге дайын екенімізді тағы да растаймыз. Біз бұл ұстанымнан ешқашан бас тартқан жоқпыз. Алайда бұл өзара түсіністікке, соның ішінде 2025 жылғы тамызда Аляскада қол жеткізілген уағдаластықтарға негізделуі тиіс», – деді Мария Захарова.
Ресей СІМ өкілінің айтуынша, Мәскеу қақтығысты реттеуге қатысты ұсыныстар мен бастамаларды талқылауға әзір.
Ол Ресейдің дипломатиялық диалогты жалғастыруға мүдделі екенін және саяси реттеу мәселесі бойынша түрлі ұсыныстарды қарастыруға дайын екенін атап өтті.
Айта кетейік, Омбыда Ресей басшысы Путинмен кездескен Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей мен Украина арасындағы қақтығысты уақытша тоқтатуға шақырып, өз ұстанымын айтқан еді.
