«Челси» турнеге арналған құрамын жариялады. Тізімде Дастан Сәтбаев бар

116
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/Sx4SCjNy7SkdaUdex2FhLojqNWAtIPdhJZxi4DOf.jpg

Лондондық «Челси» клубы маусым алдындағы оқу-жаттығу жиыны мен жолдастық кездесулерге қатысатын ойыншылардың тізімін жариялады. Құрамға Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтбаев та енді, деп хабарлайды “Адырна”.

Клубтың ресми әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланған тізімде қазақстандық футболшының есімі түпкілікті құрамнан орын алған.

Алдағы турне аясында «Челси» Аустралия мен Азия елдерінде бірнеше жолдастық матч өткізеді. Лондондық команда «Вестерн Сидней Уондерерс», «Тоттенхэм», «Ювентус», «Милан» және «Джохор Дарул Тазим» клубтарымен кездеседі.

Осылайша, Дастан Сәтбаев әлемнің әйгілі клубтарына қарсы өтетін маусым алдындағы ойындарда өзін көрсету мүмкіндігіне ие болады.

Comments