Тағы бір университеттің ректоры ұсталды деген ақпарат тарады

124
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/joGVOlm1Cg5r4XSAOAZ4hAE28MKYf12JEscFtgjq.jpg

Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры Нұрлан Серғалиев ұсталды деген ақпарат тарады, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі. 

Бұған дейін әлеуметтік желілерде жоғары оқу орны ректорының ұсталғаны туралы ақпарат тараған.

Батыс Қазақстан облысы қоғамдық кеңесінің мүшесі, заңгер Бауыржан Ахметжанның мәліметінше, Нұрлан Серғалиев қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікпен ұсталған. Сондай-ақ оның жұмыс кабинетінде және тұрғылықты мекенжайында тінту жүргізілгені айтылды.

"Университет қызметкерлерінің мәліметінше, бүгін Махамбет Өтемісов атындағы университеттің ректоры Нұрлан Хабиболлаұлы Серғалиев қызметтік өкілетін асыра пайдаланды деген күдікпен ұсталды. Қазіргі уақытта оның жұмыс орнында тінту жүргізіліп жатыр", – деп жазды Ахметжан әлеуметтік желідегі парақшасында.

Comments