Беларусь президенті Александр Лукашенко Украина бойынша бейбіт келісімге қол жеткізу үшін тараптар ымыраға келуі қажет екенін мәлімдеді. Бұл туралы ол 15 маусымда «Аль-Арабия» телеарнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды «Адырна тілшісі».
«Путин мен Зеленский ғана емес, сонымен бірге еуропалық көшбасшылар да барлығының тығырыққа тірелгенін, әрі қарай тек эскалация мен одан да ауыр жағдай болатынын түсінсе, онда ымыраға келу мүмкіндігі бар. Егер соғысып жатқан тараптар мен олардың қолдаушыларының санасында осы түсінік қалыптасса, келісімге қол жеткізуге болады», – деді ол.
Ол нақты қандай қадамдар жасау керектігін айтпады.
«Бұл келіссөз үстелінде шешіледі. Мен емес, қақтығысқа тікелей қатысушы тараптар шешеді», – деді Лукашенко.
Сондай-ақ президент делдалдыққа оң көзқараста емес екенін де жеткізді.
«Мен делдалдықты ұнатпаймын. Неге? Бұрын Батыс пен Беларусь арасындағы жағдай шиеленіскен кезде делдал болғысы келгендер көп болды. Мен оларға: «Рахмет, қажет емес»,– дедім. Біз өзіміз-ақ келісуге тырысамыз. Делдал болу – өте қауіпті жағдай, арада қалып қоюың мүмкін», – деді ол.
Оның сөзінше, Беларусь, ең алдымен бейбітшілікті қалайды.
«Соғыс біздің ауламызда өтіп жатыр. Біз де Украина мен Ресей сияқты зардап шегуіміз мүмкін. Сондықтан бұл қақтығыс тоқтауы керек деп басынан айттым», – деді ол.
Одан бөлек, Лукашенко үш славян халқы – Беларусь, Ресей және Украина – өзара келісіп, соғыстың салдарын бірге еңсеруі керек екенін атап өтті.
«Зеленский – ақылды адам, ол ақыры түсінеді деп ойлаймын. Реніш пен амбициядан өтіп, мыңдаған адамның өмірін ойлау керек», – деп түйіндеді Беларусь президенті.
The situation was serious. A three-year-old baby bathed in a fountain was brought to the intensive care unit
It's been 2 years since the war in Ukraine. Armenia announced the suspension of its membership in the CSTO
