АҚШ президенті Дональд Трамп NBC News телеарнасының журналисі Кристен Уэлкермен болған сұқбат кезінде оны «ақымақ» деп атап, әңгімені мерзімінен бұрын аяқтап кетті. Оқиғаның бейнежазбасы YouTube-те жарияланды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Ақ үй басшысы мен тележүргізуші АҚШ-тағы сайлау тақырыбын қызу талқылаған. Трамп демократтарды «сайлау үдерістерін бұрмалады» деп айыптап, мұндай әрекеттердің әсіресе Калифорния штатында болғанын мәлімдеді. Сонымен қатар ол Демократиялық партия өкілдерін және оларды қолдайтын БАҚ-ты алаяқтар деп атап, NBC телеарнасын және Кристен Уэлкердің өзін де сынға алды.
Журналист Трамптың сөздеріне қарсылық білдіргеннен кейін саясаткер оны демократтарға жақтасып, елдегі оқиғаларды біржақты әрі бұрмаланған түрде көрсетеді деп айыптады. Оның айтуынша, жүргізуші «не алаяқ, не ақымақ».
«Сіз бұл сайлаудың (2020 жылғы президент сайлауы – ред.) бұрмаланғанын білесіз. Сіздің телеарнаңыз да мұны біледі (…) Сіз – алаяқсыз, ABC, CBS және CNN де сондай. Сіздің телеарнаңыз біржақты әрі әділетсіз. Осы жерден аяқтайық, маған жетеді. Рақмет, сау болыңыз», – деді Трамп сұхбатты аяқтай отырып.
5 маусым күні Ресей президенті Владимир Путин 2020 жылғы АҚШ президенттік сайлауында Трампты «алдап кетті» деген пікір білдірген. Сондай-ақ ол сол кезде республикашыл кандидат жеңіске жеткен жағдайда Украинадағы қақтығыс болмауы мүмкін екенін айтқан.
Norway is a country with a reserve fund for 100 years, strong social support and a high standard of living
