Нұрлан Сабыровтың «Вагнер» жеке әскери компаниясына қаржылай қолдау көрсетуі мүмкін деген айыптар бойынша тексеру аяқталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Exclusive.kz-ке сілтеп.
Қазақстан Республикасы ҰҚК бірнеше ай бойы тараған ақпараттар мен материалдарды зерделеп, аталған дерекке құқықтық баға берген. Ведомство бұл кезеңде тексеру жүріп жатқанын ғана растап, қосымша мәлімет бермеген.
Тексеру барысында Қылмыстық кодекстің 170-бабы («Жалдамалылық») аясында қылмыстық құқықбұзушылық белгілерінің бар-жоғы қарастырылған. Аталған бап шетелдегі қарулы қақтығыстарға қатысушыларға қаржылай немесе өзге де материалдық қолдау көрсету жағдайларын да қамтиды.
ҰҚК Сабыровтың әрекеттерінде құқықбұзушылық белгілері анықталмаған және қылмыстық жауапкершілікке тартуға негіз жоқ деп таныды.
Айта кетейік, бұған дейін комиктің Ресейге кіруіне шектеу қойылғаны хабарланған еді. Сондай-ақ әлеуметтік желілерде оның «Вагнер» құрылымына қатысты тұлғаларға мотоцикл сыйлағаны туралы видео тараған. Алайда бұл жағдайға қатысты ол ресми түсініктеме бермеген.
Azerbaijan Airlines stated that “physical and technical obstacles” were the cause of the crash near Aktau
