Ақын зиратының көрінісіне белсенді алаңдаушылық білдірді

123
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/MSGMfAX04oNTE4bICCACEg1m1erluW6PUXHbBuEx.jpg

Әлеуметтік желі белсендісі Талғат Бұхарбаев ақын, Қазақстанның халық жазушысы Мұхтар Шаханов жерленген орынның қазіргі жағдайына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы politico.kz сайтына сілтеп.

Белсендінің айтуынша, ақынның зираты орналасқан аумақ әлі қоршалмағандықтан, айналасы тапталып бара жатқан көрінеді. Ол Түркістанға қайтып келе жатқан жолда зират басына арнайы соққанын жазған.

«Кеше кешқұрым Түркістанға қайтып келе жатып, ақын Мұхтар Шаханұлы жатқан зиратқа соққан едік. Енді батып бара жатқан күнге бір мұнарасы шағылысқан зиратта Көпен Әмірбек ағамыз жатыр екен. Жатқан жерлері жайлы, топырағы торқа болсын. Ұлы ақынның басына қырқында тас қойылады дейді. Тезірек қоршап қоймаса, айналасы тапталып бара жатқандай көрінді. Зәулім үй тұрғызбаса да, сол жағын ескерсе екен…», – деді ол.

Желі қолданушылары бұл мәселеге қатысты түрлі пікір білдірді. Кейбірі уақытша белгі орнатылғанын айтса, енді бірі зираттағы жазудың ретке келтірілуі қажет екенін жеткізді.

 

 

Comments