Шизофрения белгілері бар жүргізуші көлікпен бір топ адамды қағып кетті

98
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/uqsLhbulJfBfkQSLKemPRx3MLX12m0ZD1uxuCEL6.webp

Фото: repotr

Италияның солтүстігіндегі Модена қаласында жеңіл көлік бір топ адамды қағып кетті. Оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырып, жергілікті билік пен құқық қорғау органдары тергеу жұмыстарын бастады, деп хабарлайды “Адырна” порталы ANSA басылымына сілтеп.

Алдын ала мәліметтер бойынша, көлікті 31 жастағы ер адам басқарған. БАҚ хабарлауынша, ол 2022 жылдан бері психикалық денсаулығына байланысты бақылауда болған. Атап айтқанда, ер адамнан шизофрения белгілері байқалғаны айтылды.

Модена басшысы Фабриция Триолонің мәлімдеуінше, оқиға кезінде ер адам ем қабылдап жүрмеген. Сондай-ақ оның жұмыссыз болғаны белгілі болды.

Жергілікті ақпарат құралдарының дерегіне сәйкес, жүргізуші көлігімен қала көшесінде адамдар тобына әдейі немесе бақылаусыз түрде соғылған. Салдарынан кемінде жеті адам зардап шекті. Олардың төртеуінің жағдайы ауыр деп бағалануда. 55 жастағы әйел ауыр халде ауруханаға жеткізілсе, тағы бір әйел екі аяғынан айырылған.

Оқиға орнында күдіктіні ұстау кезінде де жанжал болғаны хабарланды. Il Giornale газетінің жазуынша, ер адам қашуға әрекет жасап, өзін тоқтатуға тырысқан адамды пышақпен жаралаған болуы мүмкін.

Кейінірек Gazzetta di Parma басылымы күдіктінің Citroën C3 маркалы көлікті басқарғанын нақтылады.

Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары оқиғаның нақты себептері мен мән-жайын анықтап жатыр. Тергеу жалғасуда.

Comments
Other materials