Ақтау қаласында тұңғыш рет ұйымдастырылып жатқан «Кітап керуен – Ақтау» жәрмеңкесі өтіп жатыр.
Кітап жәрмеңкесі Ақтау қаласы әкімдігінің қолдауымен, облыстық Қабиболла Сыдиықұлы атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасында ресми түрде ашылып, қала қонақтары мен тұрғындары үшін есігін айқара ашты.
Мерекелік жәрмеңкенің алғашқы рәсімі қазақ әдебиетінің көрнекті тұлғасы, мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаев ескерткішіне гүл шоқтарын қоюдан басталды. Салтанатты шараның лентасын Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов пен ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, жазушы-драматург Роза Мұқанова кесті.
Қала әкімі Әбілқайыр Байпақов шара барысында құттықтау сөз айтып, мұндай кітап жәрмеңкесінің ерекшелігін, кітап оқитын ұлтқа айналудың маңызы мен мәнін түсіндірді.
Тұңғыш рет өтіп жатқан кітап жәрмеңкесіне: жазушы-драматург, ҚР Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Роза Мұқанова, ақын, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Оңайгүл Тұржан, ақын, ҚР Жазушылар одағы Маңғыстау филиалының төрайымы Анар Шамшадинова, ақын, ҚР Ақпарат саласының үздігі Гүлайым Дәуітбаева, жазушы, Халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты Бақытгүл Сәрмекова, жазушы, ҚР Мәдениет және ақпарат саласының үздігі Қанат Тілеухан, ақын, жазушы Ақберен Елгезек, ақын, драматург Ұларбек Нұрғалым сынды алыс-жақыннан келген құрметті қонақтар қатысып жатыр.

Бұдан бөлек, арнайы осы кітап жәрмеңкесіне елімізге танымал баспалар да келді. Атап айтқанда:
1. Qasym kitap
2. Steppe&World
3. Абай
4. Арман-ПВ
5. ZIYAT
6. SANA
7. MAZMUNDAMA
8. Marfu
9. Отбасы Хрестоматиясы
10. WIK HOUSE баспалары бар.
«Кітап керуен – Ақтау» жәрмеңкесінің арнайы дайындалған автобусы да қаланы аралауға аттанды.
15-16 мамыр күндері екі күнге жалғасатын жәрмеңкеде кітаптарға жеңілдіктер, түрлі шаралар және әдебиет пен шығармашылық дамуға қатысты тақырыптарда арнайы секциялық отырыстар, жаңа кітаптардың таныстырылымы мен тұсаукесерлер өтеді.
Nurlan Auesbayev, candidate for the presidency of the Republic of Kazakhstan, met with voters in the capital
