Қазақстан Ақтау порты арқылы Баку–Тбилиси–Жейхан (БТЖ) мұнай құбыры бағытымен 471 мың тонна мұнай тасымалдаған. Бұл туралы Report агенттігі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«ҚазТрансОйл» компаниясының ай сайынғы деректеріне сәйкес, тек сәуір айының өзінде Ақтау порты арқылы Баку–Тбилиси–Жейхан бағытына 125 мың тонна Қазақстан мұнайы жөнелтілген.
Бұған дейін Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов 2026 жылы Қазақстанның Баку–Тбилиси–Жейхан құбыры арқылы әлемдік нарықтарға мұнай экспортын 1,5 млн-нан 2,2 млн тоннаға дейін жеткізуді жоспарлап отырғанын мәлімдеген еді.
Еске салайық, 2025 жылы Қазақстан БТЖ мұнай құбыры арқылы 1,2 млн тонна мұнай экспорттаған.
Related news
