Ауданда ауқымды республикалық «Таза Қазақстан» акциясын жүзеге асыру жалғасуда. Кезекті абаттандыру шарасы «Туған елдің тазалығы – елдің абыройы» атауымен өтті. Зеренді ауылындағы Восточная көшесін тазалау және көгалдандыру жұмыстарына 250-ден астам адам қатысты. Олардың қатарында билік өкілдері, депутаттар, еріктілер және жергілікті тұрғындар бар.

Күннің басты оқиғасына айналған шара барысында 100-ден астам жас ағаш көшеттері отырғызылды. Сонымен қатар қатысушылар аумақты санитарлық тазалаудан өткізіп, қоғамдық орындарды ретке келтіру жұмыстарын жүргізді.

«Таза Қазақстан» — бұл бір реттік акция ғана емес, туған жерге деген шынайы жанашырлықтың көрінісі. Тазалық әрқайсымыздан басталады: таза аула мен таза көше — барлығымызға ортақ міндет. Осындай іске көптеген жерлестеріміздің белсенді атсалысып жатқаны қуантады», — деді Зеренді ауданының әкімі Әсет Құрманғожин.

Іс-шараға аудан ақсақалдарының қатысуы да ерекше мән берді. Олар бірлескен еңбекті жас ұрпақты тәрбиелеудің маңызды тетігі ретінде бағалады.

«Табиғатқа жанашырлықпен қарау — жас ерекшелігіне қарамастан барлығымызды біріктіретін ортақ парыз. Осындай игі істер жастарды туған жерді сөзбен емес, нақты іспен қадірлеуге тәрбиелейді», — деп пікір білдірді Билер кеңесінің төрағасы Серік Баймурзин.
Шара блогерлер мен белсенділердің қолдауымен әлеуметтік желілерде кеңінен насихатталды. Аудан әкімдігінде абаттандыру жұмыстары алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасып, тазалық пен тәртіп қағидаттары өңірдің әрбір тұрғыны үшін күнделікті өмір салтына айналатынын атап өтті.
Kazakhstan met with South Korean representatives regarding the construction of a nuclear power plant
