Желідегі трендтен соң. Көшені ластаған қыздар жауапқа тартылды

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/W9B8q2FuADBUElQWv0YPwgLpyHMqOH8edGM8GPdP.jpg

Астанада қоғамдық орындарды ластаған екі қыз әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы елорда полиция департаменті мәлімдеді.

Полицияның дерегінше, оқиғалардың бірі Бәйтерек монументі маңында болған. Қала тұрғыны ішімдік құйылған бөтелкені ашып, оның ішіндегісін жан-жаққа шашып, аумақты ластаған. Тағы бір жағдайда қыз орындықта отырып, сусынды әдейі төгіп, қоғамдық орынды бүлдірген.

Белгілі болғандай, құқық бұзушылар бұл әрекеттерді әлеуметтік желіге арналған әсерлі контент түсіру мақсатында жасаған.

Полиция мұндай әрекеттердің заңға қайшы екенін ескертіп, қоғамдық орындарды ластау тек құқық бұзушылық емес, сонымен қатар қала тұрғындары мен коммуналдық қызметкерлердің еңбегіне деген құрметсіздік екенін атап өтті.

Comments