Тараз қаласы "Таза Қазақстан" акциясы аясында тал көшеттері егілді

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/yDim6fWeyymL8PjB0eMbasClQKDbkhaWwVibjnpC.jpg

Тараздағы «Ұлы дала» шағын ауданында «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында кең көлемді көгалдандыру жұмыстары жүргізілді.

Табиғатты қорғау мен қаланың экологиялық ахуалын жақсартуға бағытталған бұл игі шараға жергілікті тұрғындар, еріктілер мен түрлі мекеме қызметкерлері белсенді қатысты.

Акция барысында шағын аудан аумағына барлығы 285 түп ағаш отырғызылды. Оның ішінде 150 дана ясень, 87 дана катальпа, 28 дана терек және 20 дана айлант көшеттері егілді.

Әрбір ағаш түрі жергілікті климатқа бейімделген, көлеңке беріп, ауаны тазартуға үлес қосатын жасыл желек ретінде таңдалған.

«Осындай шаралар арқылы тұрғындар табиғатқа жанашырлықпен қараудың мәнін тереңірек түсінеді, ал жастардың белсенді қатысуы экологиялық жауапкершілікті қалыптастыруға ықпал етеді. Әрбір азамат өз ауласынан бастап, айналасын таза ұстауға дағдыланса, жалпы қаланың экологиялық келбеті де жақсарады. Бұл – болашақ ұрпаққа қолайлы орта қалдыру жолындағы ортақ міндет» - деп атап өтті волонтер Е. Болысбек.

Айта кету керек, экологиялық акция аясында бүгінгі күнге дейін 18 мыңнан астам адам мен 850-ден астам кәсіпорын, мекеме қатысқан. Нәтижесінде 45,8 мың жасыл желек отырғызылып, 1,8 мың шақырым көше жолдары, 410 шақырым арық жүйелері мен каналдар тазаланған. Сонымен қатар, 72,4 мың шаршы метр саябақтар мен скверлер абаттандырылып, 1,8 мың тонна қоқыс шығарылған.

Экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытында да оң нәтижелер бар. Тараз және Қаратау қалаларында жасыл желектерді цифрландыру жұмыстары жүргізіліп, арнайы ақпараттық платформа іске қосылған. Бұдан бөлек, телеграм-бот арқылы жыл басынан 290 өтінім қабылданып, тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Comments
Other materials