Балалар тағамынан «улы зат табылды». Министрлік не дейді?

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/iVy8gtEzhErgwVZ5cKF5TjgXYHmZXhxbxS9mM1BI.jpg

Қазақстанда HiPP маркалы балалар тағамынан «егеуқұйрық уы табылды» деген ақпарат жоққа шығарылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігіне қарасты санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті мәлімдеді.

Ведомство мәліметінше, аталған дерек халықаралық бақылау жүйелерінде де тіркелмеген. Атап айтқанда, RASFF және INFOSAN желілері арқылы да мұндай ақпарат түспеген.

Сонымен қатар комитет өкілдері бұл өнімнің Еуразиялық экономикалық одақтың мемлекеттік тіркеу куәліктерінің бірыңғай тізілімінде жоқ екенін атап өтті. Осыған байланысты мұндай өнімді Қазақстан аумағында сатуға ресми түрде рұқсат берілмейді.

«Бұл өнім ел аумағында ресми түрде сатылымда болмауы тиіс. Соған қарамастан, ықтимал заңбұзушылықтарды болдырмау үшін тексеру жұмыстары жалғасып жатыр», – делінген хабарламада.

Comments