Жаңа мереке бекітілді. 3 қыркүйек – Қазақ тазысы мен төбеті күні

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/oDPDutVIoBZVoLHzT9asY2Nxrfgwb6arIRKn57OH.webp
Фото: pinterest.com
Қазақстанда мерекелік күндер қатары тағы бір жаңа датамен толықты. Үкіметтің 2026 жылғы 15 сәуірдегі қаулысымен тиісті тізбеге өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды "Адырна".

Құжатқа сәйкес, енді жыл сайын 3 қыркүйекте Қазақ тазысы мен төбеті күні атап өтіледі. Бұл күн ұлттық ит тұқымдарын сақтау, оларды қорғау және насихаттау мақсатында енгізіліп отыр.

Қазақы тазы мен төбет – халқымыздың мәдени мұрасының ажырамас бөлігі саналады. Тазы – аңшылықта пайдаланылатын жүйрік әрі төзімді ит болса, төбет – мал мен үй-жайды қорғайтын, батыл әрі сенімді күзетші ретінде кеңінен танымал.

Жаңа мереке осы асыл тұқымды иттерге деген құрметті арттырып, олардың генетикалық қорын сақтауға, сондай-ақ ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған.

Айта кетейік, аталған қаулы 2026 жылғы 28 сәуірден бастап ресми түрде күшіне енеді.

Comments