Қазақстан – Түркіменстан – Иран бағытындағы темір жол кідіріссіз жұмыс істеп тұр

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/CX15YFgWTMtmZdlODkH5Dob2qKK8lBbySfKfFZsl.webp

«Солтүстік-Оңтүстік» көлік дәлізінің құрамына кіретін Қазақстан – Түркіменстан – Иран халықаралық теміржол магистралі кесте бойынша жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

«Қазақстан темір жолы» жүктерді өткізуде ешқандай іркілістер мен қиындықтар байқалмағанын атап өткен.

«Қазіргі уақытта магистраль штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Тасымалдау процесі кестеге сәйкес жүзеге асырылуда, пойыздар қозғалысында кідірістер, сондай-ақ жүктерді өткізу мен ресімдеуде мәселелер тіркелген жоқ», — делінген компанияның агенттік сауалына берген жауабында.

Өңірдегі қазіргі жағдайға байланысты жүк жөнелтушілер немесе жүк қабылдаушылар тарапынан тасымалдауға берілген өтінімдерді қайтарып алу деректері байқалмаған. Иран теміржолдарынан алынған мәліметке сәйкес, ел аумағындағы теміржол инфрақұрылымы қалыпты жұмыс істеп жатыр.

ҚТЖ тобына кіретін KTZ Express логистикалық компаниясы өтінімдерді қабылдау мен өңдеуді жалғастыруда. Тасымалдау процесін одан әрі ұйымдастыру үшін құжаттарды Иран теміржолдарына уақытылы тапсыруды қамтамасыз етуде.

Comments