Аты аз аталатын қазақтың тұңғыш әйел кинорежиссері

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/Mc3Lp5M7xvQDZ9M6Zmc03SZ1wGH4yrnusGEFxP6z.png

Биыл қазақ кино өнерінің көрнекті өкілі, тұңғыш кәсіби әйел кинорежиссер Дариға Тінәлинаның туғанына 105 жыл толып отыр, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Ол отандық кинематографияның қалыптасуына елеулі үлес қосқан тұлғалардың бірі ретінде тарихта қалды.

Дариға Тінәлина 1921 жылы 17 наурызда Ақмола облысында дүниеге келген. Ол өнер жолын Алматы театр училищесінде бастаған ол кейін Мәскеудегі кинематография институтында білім алып, режиссерлік мамандықты игерді. Оның ұстаздары қатарында Александр Довженко мен Лев Кулешов секілді кино әлемінің ірі тұлғалары болды.

Шығармашылық қызметін актриса ретінде бастап, бірқатар фильмдерге түскен Тінәлина кейін режиссураға бет бұрды. Алғашқы жұмыстарының бірі – «Қазақстан кеңістігінде» деректі фильмі. Кейін ол Мосфильм студиясында тәжірибе жинақтап, ірі жобаларға қатысты.

1964 жылдан бастап Қазақфильм киностудиясында еңбек еткен режиссер қазақ тіліндегі дубляж саласының дамуына айрықша үлес қосты. Оның қатысуымен мыңнан астам фильм қазақ тіліне аударылып, дыбысталды.

2008 жылы оның «Ақ-қара кино» атты еңбегі жарық көріп, отандық кино тарихын зерттеушілер үшін маңызды дереккөзге айналды.

Дариға Тінәлина 2011 жылы дүниеден өтті. 

Comments