Баку–Тбилиси–Жейхан құбыры. Қазақстан шетелге қанша мұнай экспорттады?

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/gWn3Tgv2Gwn00UgUqtFSuFMqCuGOu8j4Kh0vA0V7.webp

Қазақстан 2026 жылдың ақпанында Баку–Тбилиси–Жейхан мұнай құбыры арқылы 115 мың тонна мұнай экспорттады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы ҚазТрансОйл ұлттық компаниясы хабарлаған.

Компанияның мәліметінше, 2026 жылдың қаңтар айында бұл бағыт бойынша 106 мың тонна мұнай экспортталған болатын. Осылайша, ақпандағы жөнелтілім көлемі 8,5 пайызға артқан.

Жалпы 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Баку–Тбилиси–Жейхан мұнай құбыры арқылы 1,2 млн тонна мұнай экспорттаған.

Ал 2026 жылы аталған бағыт бойынша қазақстандық мұнай транзиті 1,6 млн тоннаға дейін жеткізу жоспарланып отыр.

Comments