Иран мектебіне жасалған шабуыл. Қазақстан министрі үн қатты

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/mgovthlksut6EoHcqWe26oTsvwG4Ep2ifqQNdyf9.jpg

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Иранда оқушы қыздардың қаза табуына байланысты көңіл білдірді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Иранда болған қайғылы оқиға – 160 мектеп оқушы қыздың қаза табуы туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдадым. Бейбіт күнде білім алып, болашаққа қадам басуы тиіс балалардың өмірінің үзілуі – барша адамзат үшін орны толмас қасірет.

Бала тәрбиесімен айналысатын адам ретінде балалар ешқашан қандай да бір қақтығыстың, жанжалдың немесе саяси текетірестің құрбаны болмауы тиіс деп санаймын. Олардың қауіпсіздігі мен амандығы – халықаралық қауымдастық үшін де, әр мемлекет үшін де ең басты құндылықтардың бірі»,-деді ол.

Министр даулы мәселелерді бейбіт жолмен шешу керектігін атап өтті.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев халықаралық мәселелерді әрдайым бейбіт, дипломатиялық жолмен шешу қажеттігін үнемі айтып келеді. Бұл – адам өмірін, әсіресе балалардың болашағын қорғауға бағытталған салмақты әрі дәйекті ұстаным. Мен бұл көзқарасты толық қолдаймын. Қаза болған ирандық балалардың ата-аналары мен жақындарына көңіл айтамын»,-деп түйіндеді Сүлейменова.

Comments