Президент сынынан соң. «Самұрық-Қазынадан» 650 адам жұмыстан кететін болды

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/LqtNICi3qAWPHTLvVpag65vwF2sMCsxiZ1jyCG5q.webp

«Самұрық-Қазына» қызметкерлерінің 10%-ы қысқартылады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

«Самұрық-Қазына» қорының төрағасы Нұрлан Жақыпов қор қызметкерлерінің 10 пайызы, шамамен 650 адам қысқартылатынын мәлімдеді. Бұл шешім қызметкерлердің кофе ішкені үшін емес, нақты бағалау жүйесі мен тиімділік көрсеткіштеріне негізделгені де аталды.

Қысқарту тек әкімшілік-басқару персоналына қатысты болады, өндірістік қызметкерлерге әсер етпейді. Жақыповтың айтуынша, процесс заң талаптарына сай, объективті түрде жүргізіледі және наурыз айының соңына дейін аяқталады.

Қызметкерлерге өтемақы мәселесі әр жағдайға байланысты өзгеруі мүмкін. Барлық еңбек ұжымына тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілген.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тақауда ғана мемлекеттік компаниялар, оның ішінде «Самұрық-Қазына» қорындағы артық штат мәселесін көтерген болатын. Мемлекет басшысы кейбір қызметкерлердің нақты пайдалы жұмыс атқармайтынын атйқан. Президенттің айтуынша, мұндай кадрлар жүйеге артық салмақ түсіріп, нақты нәтиже бермейді. Президент мемлекеттік компаниялардың құрылымын қайта қарап, тиімділігін арттыру қажеттігіне тоқталған.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы кейбір қызметкерлер жұмыс уақытын тиімсіз өткізетінін сынға алған. Оның сөзінше, кейбірі түскі уақытта кафе мен қонақүйлерде отырып, жаңалық талқылап, интернетте уақыт өткізеді-міс.

 

Comments