Жамбылда полицейлер қар құрсауынан аяғы ауыр жүргізушіні алып шықты

117
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/vMlSRqoTdPYzVpoRXdlvzghWElJVFE4tZEwOqWp3.webp

Жамбыл облысында полицейлер жүк көлігінің жүкті жүргізушісіне көмектесті. Әйел қар басқан трассада тұрып қалған. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі жазды, деп хабарлайды "Адырна".

Қатты қар, боран және көрінудің шектелуі өңірдегі жол жағдайын қиындатты. Полиция мәліметінше, Жамбыл облысының трассаларында шамамен 2200 көлік жиналып қалған. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін тәулік бойы жағдайды бақылап, жүргізушілерге көмек көрсетіп жүрген 400-ге жуық полиция қызметкері жұмылдырылған.

 Жуалы ауданындағы Күйік асуында полицейлер сегіз айлық жүкті, көпбалалы ана Оксана Шевчукке көмектескен. Әйелдің жүк көлігі жүргізушісі болып жұмыс істейтіні және боран салдарынан жолын жалғастыра алмағаны анықталған. Қызметкерлер оған ыстық шай беріп, тамақпен қамтамасыз етіп, жақын маңдағы жылыту пунктіне дейін жеткізіп салған.

«Екі күннен бері осында тұрмыз. Полиция қызметкерлері қолдан келгеннің бәрін жасап жатыр: көмек ұйымдастырды, жағдайды бақылап, тәртіпті қамтамасыз етуде», - деді жүргізуші Асқар Мұсылманов.

Полиция жүргізушілерді жолдағы жағдайды ескеріп, мүмкіндігінше алыс сапарлардан бас тартуға шақырды.

Comments