Оңтүстік Кореяда зауыттағы өрттен кейін Қазақстан азаматы жоғалып кетті

65
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/pwHK8JrIrWV1d6LcWGZd2WqBT3QOQLo8o7YolkDQ.jpg

Оңтүстік Кореяда тұрмыстық тауарлар өндіретін зауытта ірі өрт шығып, жұмыс істеп жүрген қазақстандық азамат жоғалып кетті. Бұл туралы кореялық Yonhap порталы жариялады, деп хабарлайды “Адырна”.

Аталған жағдайға Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі пікір білдірді.

Ведомствоның мәліметінше, 30 қаңтарда Оңтүстік Кореяның Ымсон уезі, Мэндон-мён аймағында азық-түлік пен сусын өндіретін кәсіпорында өрт шыққан. Бұған дейін кореялық БАҚ оқиғаның ылғал майлықтар мен жөргек шығаратын зауытта болғанын хабарлаған.

СІМ дерегіне сәйкес, өрттен кейін 81 қызметкер эвакуацияланған, алайда екі жұмысшының, оның ішінде Қазақстан азаматының, қайда екені белгісіз болып қалған. Полиция мен өртке қарсы қызметтің мәліметінше, 31 қаңтар күні таңертең өртенген цех ішінен жеке басы анықталмаған мәйіт табылған.

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі мәйіттің кім екенін нақтылау үшін полиция Ұлттық ғылыми зерттеулер институтына жүгінгенін хабарлады.

«Қазақстанның Корея Республикасындағы Елшілігі полициямен, өрт сөндіру қызметімен және жоғалған Қазақстан азаматының туыстарымен тұрақты байланыста. Бұл мәселе бақылауда», – делінген СІМ хабарламасында.

Айта кетейік, кейбір БАҚ эвакуациядан кейін зауыттың екі шетелдік қызметкері — жасы шамамен 50-дегі Қазақстан азаматы мен 20-дағы Непал азаматы хабар-ошарсыз кеткенін жазған. 31 қаңтар сағат 00:39-да өрт сөндірушілер жоғалғандардың бірінің денесін ғимараттың екінші қабатындағы баспалдақ маңынан тапқан. Қаза тапқан адамның жеке басы әзірге анықталған жоқ.

Comments