АҚШ-та болған қарлы боранның салдарынан қаза тапқандар саны 85 адамға дейін жетті. Бұл туралы Associated Press (AP) жариялады, деп хабарлайды "Адырна".
Агенттік дерегіне сәйкес, Техастан Нью-Джерсиге дейінгі аумақтарда қатты аяз бен бораннан кемінде 85 адам көз жұмған. Қаза болғандардың шамамен жартысы Теннесси, Миссисипи және Луизиана штаттарына тиесілі.
Мәліметке қарағанда, өлім жағдайларының бір бөлігі:
-
үсіп кетумен;
-
қар тазалайтын техникамен болған апаттармен;
-
сондай-ақ иіс газынан (көміртек тотығы) уланумен байланысты.
National Weather Service арктикалық ауа массасының оңтүстік-шығысқа қарай жылжуы онсыз да төмен температураны одан әрі күрт түсіретінін ескертті. Жұма кешінде кей қалаларда, соның ішінде Нэшвиллде, ауа температурасы −10°C-қа дейін төмендеуі мүмкін.
Қуатты дауылдан кейін бір аптаға жуық уақыт өтсе де, Нэшвилл қаласында 79 мыңнан астам үй мен кәсіпорын әлі күнге дейін электр жарығынсыз отыр.
The new mayor of Astana announced the deadlines for the completion of the LRT construction in the capital
Department of Almaty city regularly holds receptions of citizens to increase legal literacy of consumers