Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов бұған дейін тапсырған табыс декларациясында қандай соманы көрсеткенін айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Мен – саяси мемлекеттік қызметкермін. Декларацияны заң талаптарына сәйкес тапсырдым. Егер қосымша табыс туралы айтсаңыз, өткен жылғы жалғыз кіріс көзім министрліктегі жалақым болды»,- деді министр.
Журналистермен әңгіме барысында шенеунік жалақысының мөлшерін де нақтылады. Аккенженовтің айтуынша, ай сайынғы табысы шамамен 1,2 миллион теңгені құрайды. Сонымен қатар декларацияда заң бойынша берілетін сыйлықақылар да көрсетілген.
Жыл бойы декларацияланған жалпы табыс сомасы туралы сұраққа министр оның 20 миллион теңгеден сәл асатынын айтты.
Еске салсақ, өткен жылдың соңында министрліктер мен Парламенттің ресми сайттарында 2024 жылғы декларациялар жарияланған болатын.
Kazakhstan can become one of the attractive destinations for Chinese tourists". President's opinion on the visa-free regime with China