Әскердегі жағдай. Борышын өтеуге аттанған сарбаз қаза тапты

88
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/jFet0gue7HqWcF3tqalmHBbk1hZr2Pg7axnS5nZD.jpg

Жамбыл облысында мерзімді әскери қызметкер қаза тапты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Әлеуметтік желілерде тараған алдын ала мәліметке сәйкес, сарбаз снайперлік мылтықпен өзін-өзі атып өлтірген болуы мүмкін. Аталған ақпаратты Бас прокуратура растады.

«27 қаңтарда Жамбыл облысында қаруды ұстау кезінде ауыр жарақат алған мерзімді әскери қызметкердің қаза болу фактісі бойынша Ішкі істер министрлігінің әскери-тергеу органдары сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Жедел-тергеу тобы құрылды, тергеу барысы Бас прокурордың жеке бақылауында», – делінген ресми хабарламада.

Оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты әрі объективті анықтау мақсатында Қорғаныс министрінің орынбасары, бас әскери прокурор және ІІМ әскери-тергеу департаментінің басшысы оқиға орнына аттанған.

Comments