АҚШ пен Иран тартысы кезінде. Израиль министрі Қазақстан мен Әзербайжанға сапарлады

623
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/z0nPp0qc63pRkW86AgfYE2gKM3Fy0OE8z9M7tGPR.jpg

Израильдің сыртқы істер министрі Гидеон Саар дипломатиялық сапармен Әзербайжан мен Қазақстанға сапарлады. Бұл туралы 25 қаңтарда Report агенттігі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Сапар екіжақты саяси әрі экономикалық байланыстарды дамытуға бағытталған. Оның аясында бірқатар ресми іс-шаралар, сондай-ақ мемлекеттік құрылымдар мен қоғамдық орта өкілдерімен кездесулер жоспарланған. Атап айтқанда, еврей қауымдастықтарының өкілдерімен кездесулер өтпек.

Қазақстандағы сапар елдің «Авраам келісімдеріне» қосылуы аясында өтуде. Сондай-ақ Астанада министр Холокост құрбандарын еске алудың халықаралық күніне арналған іс-шараға қатысады.

Сыртқы істер министрінің бастамасымен Баку мен Астанада бизнес-форумдар да өтеді. Форумдар аясында израильдік делегация өкілдерінің жергілікті кәсіпкерлермен және іскер топтармен кездесулері жоспарланған.

Comments