Фото:АFP VIA GETTY IMAGES
АҚШ-тың Шекаралық патруль қызметінің (USBP) қызметкерлері сенбі күні Миннеаполис қаласында 37 жастағы АҚШ азаматы Алекс Преттиді атып өлтірді. Оқиға Иммиграция және кеден қызметі (ICE) қызметкері Рене Гудтың өлімінен кейін үш аптаға жетпей орын алып, қалада жаңа наразылық толқынын туғызды, деп хабарлайды "Адырна" порталы ВВС-ге сілтеп.
Билік мәліметінше, Алекс Претти Миннеаполисте тұрған және жергілікті ардагерлер ауруханасында медбике болып жұмыс істеген.
АҚШ-тың Ішкі қауіпсіздік министрлігі (DHS) марқұмның жанында 9 миллиметрлік жартылай автоматты тапанша болғанын және федералдық агенттер оны қарусыздандыруға әрекет жасаған кезде қарсылық көрсеткенін мәлімдеді.
Алайда Миннесота штатының губернаторы Тим Уолз оқиға орнындағы бейнежазбалар бұл нұсқаның шындыққа жанаспайтынын көрсететінін айтты.
Миннеаполис мэрі Джейкоб Фрей баспасөз мәслихатында заңсыз көші-қонға қарсы операцияларды сынға алып, олардың салдарына алаңдаушылық білдірді.
Өз кезегінде, Ішкі қауіпсіздік министрі Кристи Ноэм қала және штат басшылығын «заң бұзғандардың жағына шықты» деп айыптады. Ал АҚШ президенті Дональд Трамп Миннеаполис пен Миннесота билігін «бүлікке итермелеу» деп бағалады.
Оқиғаның барлық мән-жайы тергеліп жатыр.
Euro-cooperation: France plans to build a nuclear power plant in Uzbekistan, from which it imports uranium