Танымал әнші Гүлзира Бөкейхан өмірден өтті

841
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/vtLiH2GD02Wu6dEJ3IEGPZ5pEjhahhyMRyjNbRXi.jpg

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, танымал әнші Гүлзира Бөкейхан дүниеден өтті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Гүлзира Бөкейхан 1969 жылы Қытай Халық Республикасының Шыңжаң өлкесінде дүниеге келген. 

1983 жылы Іле облыстық өнер колледжіне оқуға түсіп, 1986 жылы аталмыш оқу орнын тәмамдады. Алғашқы еңбек жолын Іле облыстық Қазақ ән-би театрында бастады. Кейін білімін жетілдіру мақсатында 1988–1993 жылдары Бейжің ұлттық университетінің музыка факультетінде вокал мамандығы бойынша білім алып, бакалавр дәрежесін иеленді.

1999 жылы тарихи Қазақстанға оралған Гүлзира Бөкейхан Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының аспирантурасына қабылданып, КСРО халық әртісі Роза Жаманованың жетекшілігімен білім алды. Ол оқуын 2001 жылы аяқтады.

Осы кезеңнен бастап өнер иесі Астана қаласында еңбек етіп, Астана мемлекеттік филармониясында және Президенттік мәдениет орталығында әнші ретінде көрермен ықыласына бөленді. Ол қазақ вокал өнерінің дамуына елеулі үлес қосып, шәкірт тәрбиелеу ісіне де атсалысты.

Comments