АҚШ президенті Дональд Трамп Иран билігіне наразылық акцияларына қатысқан жүздеген адамға қатысты өлім жазасын орындаудан бас тартқаны үшін алғыс білдірді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Бұл туралы ол Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.
Трамптың айтуынша, Иранда 800-ден астам наразылық білдірушіні дарға асу арқылы өлім жазасына кесу жоспарланған, алайда бұл үкімдер соңғы сәтте тоқтатылған.
«Дарға асу арқылы жүзеге асырылуы тиіс жазалардың тоқтатылғанын зор құрметпен қабылдаймын. Осы шешім үшін алғыс айтамын», – деп жазды АҚШ президенті.
Айта кетейік, 9 қаңтар күні Тегеран қаласының прокуроры Али Салехи наразылық кезінде өрт қою, мемлекеттік мүлікті жою және қауіпсіздік күштерімен қарулы қақтығысқа қатысқандар өлім жазасына кесілуі мүмкін екенін мәлімдеген еді.
Euro-cooperation: France plans to build a nuclear power plant in Uzbekistan, from which it imports uranium