Қазақстанға мұнай тасымалдайтын баламалы бағыттар қажет. Бұл туралы саяси сарапшы Асқар Жапаров Report агенттігіне берген сұқбатында айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Ол мұнай экспортының баламалы бағыттары Баку-Тбилиси-Джейхан (БТД) мұнай құбыры мен транскаспийлік логистикалық тізбектер, Каспий құбыры консорциумы үшін стратегиялық сақтандыру екендігін мәлімдеді.
Айтуынша, мәселе баламалы бағытты бір рет қана қолдану емес, КҚК инфрақұрылымына жасалған шабуылдар жағдайында мұнай экспортының тұрақтылығын жүйелі түрде арттыруда болып отыр. Сарапшы Қазақстан үшін мұнай экспортының баламалы бағыттарын қалыптастыруда негізгі рөлді Әзербайжан атқаратынын атап өтті.
«Баку іс жүзінде баламалы жеткізу жүйесінің негізгі торабына айналған, себебі оның аумағы арқылы сенімді, саяси тұрғыдан болжамды және технологиялық тұрғыдан тәжірибеден өткен маршрут (БТД мұнай құбыры) өтеді. Бұл елдің Қазақстанмен де, батыстық энергетикалық компаниялармен де тұрақты серіктестік қатынастары бар. Осы фактор Бұл Әзербайжан бағытын тек теориялық емес, нақты практикалық баламаға айналдырады»,-деді Жапаров.
Ол мұндай бағыттардың арқасында Қазақстан бір ғана экспорттық бағытқа тәуелді болмайтынын атап өтті.
«Жұмыс істейтін баламаның болуы теңгерімді өзгертеді. Бұл нарыққа Қазақстан мұнайын экспорттау тек бір бағытқа немесе бір саяси факторға тәуелді емес деген сигнал береді»,- деп түсіндірді сарапшы.
Айтуынша, баламалы бағыттар бүгінгі күні КҚК-ны толық алмастырмай, тек толықтырады.
«Көлемдерге шектеу, Каспийдегі флотқа қосымша инвестициялау қажеттілігі, порт қуаттарын кеңейту және тарифтерді келісу уақыт пен үйлестіруді талап етеді. Дегенмен, стратегиялық бағыт айқындалған. Әзербайжан арқылы Транскаспийлік маршрутты кеңейту — дағдарысқа қысқа мерзімді реакция емес, Қазақстанның экспорт саясатын диверсификациялау және энергетикалық қауіпсіздікке бағытталған ұзақ мерзімді курс», — деді саяси сарапшы.
Бұған дейін Энергетика министрлігі Қара теңіз акваториясында Қазақстанның экспорттық мұнайын тасымалдаған екі танкерге шабуыл жасалғанын айтқан еді.
A declaration on cooperation in the field of higher education and scientific research between Kazakhstan and France was signed