Бір отбасының жоғалуы. Ерлі-зайыптылардың өліміне қатысты тың деректер белгілі болды

118
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/SKGuUc8f3H1OySzZXHLgX7cBZRJGfVYGI390ynfN.webp

Атырау облысында зейнет жасындағы ерлі-зайыптылардың өліміне қатысты тергеу жалғасып жатыр, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Осыған дейін марқұмдардың денесі өз үйлерінің аумағынан, сарайдың ішінен табылған. 

Туыстарының айтуынша, қылмыс орнын белгісіз біреулер тазалауға тырысқан.

«Сарайдың ішінде диван тұрған. Сол диванның астынан ағам мен оның әйелінің денесін таптық. Еден қазылып, шамамен 1,2–1,3 метр тереңдікте шұңқыр жасалған. Мәйіттердің үстін киізбен жауып, үстіне екі орындық диван қойыпты. Біз оларды бүкіл ауыл болып іздеп жүріп таптық. Тексеру барысында сарайдың ішкі қабырғаларында қан шашыраған іздер болғаны анықталды, оларды сүртіп тастаған. Іздер анық көрінбесе де, линолеумге қан сіңіп кеткені байқалды. Мұның бәрін жасыру үшін үстіне кілемдер төсеген», – деді марқұм ер адамның әпкесі Фаризат Кенжеғалиева.

Атырау облыстық полиция департаменті әлеуметтік желілерде тараған түрлі қауесеттерге қатысты түсініктеме берді. Ведомствоның баспасөз хатшысы Мейірім Ердаулет ерлі-зайыптылардың тұншықтырылмағанын, керісінше, пышақ жарақаттары анықталғанын мәлімдеді.

«Әлеуметтік желілерде түрлі нұсқалар тарады. Сараптама нәтижесі бойынша марқұмдардың денесінен пышақпен салынған кесіп-тескен жарақаттар табылды. Мәйіттер сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Қазіргі таңда жарақаттардың нақты саны, өлім себебі мен қылмыстың уақыты анықталып жатыр», – деді ол.

Бұған дейін хабарланғандай, бұл іс бойынша негізгі күдікті – қаза тапқандардың күйеу баласы, 29 жастағы Сұлтан Сәрсемәлиев. Ол халықаралық іздеуге жарияланған. 

Comments