Сауд Арабиясы Өзбекстаннан кемінде 20 мың еңбек мигрантын жұмысқа тартуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Caliber.Az агенттігі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Бұл мәселе Өзбекстан Республикасының Жұмыспен қамту министрі Ботир Захидовтың Сауд Арабиясының Өзбекстандағы елшісі Юсуф бин Солих әл-Утайбимен кездесуінде белгілі болған.
Кездесу барысында тараптар бірқатар мамандық бойынша кадрлар даярлайтын оқу орталықтарын құру мүмкіндігін де талқылаған.
Еске салайық, 24 желтоқсанда Эр-Рияд қаласында Өзбекстан делегациясы мен Сауд Арабиясы өкілдерінің кездесуі өткен болатын. Тараптар заңды еңбек миграциясы, кәсіби даярлау, еңбек инспекциясы және жұмыспен қамту мәселелерін үйлестіру салаларындағы ынтымақтастықты нығайту жолдарын талқылаған. Әсіресе 2026 жылдың қаңтарынан бастапСауд Арабиясында іске қосылатын шетелдік азаматтарды жұмысқа қабылдау үдерістерін цифрландыруға бағытталған «Takamul» платформасын енгізу мәселесіне және осы жүйені Өзбекстанда бейімдеу мүмкіндігіне ерекше назар аударылған. Аталған платформа Өзбекстан азаматтарына жұмыс берушілермен тікелей еңбек шарттарын жасауға мүмкіндік береді.
Those who are switching their car to gas should not forget that it will also become more expensive. Almasadam Satkaliyev