Орынборда полицейлерге «шабуыл жасаған» 74 жастағы қазақстандық қамауға алынды

285
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/ta760kecSghY1XnrUMkNKxPlMjxvhbsSDNRwdDVV.webp

74 жастағы қазақстандық әйел Орынбор әуежайында полицейлерге шабуыл жасағаны үшін қамауға алынды. Бұл туралы Орынбор аудандық соты айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Сот мәліметінше, зейнеткер Ресейде тұратын қызына бару үшін жолға шыққан. Ол екі ел арасындағы мемлекеттік шекараны автокөлікпен кесіп өтіп, ұшақпен жолын жалғастырмақ болған. Тексеру кезінде әйелдің қол жүгінен май құйылған 5 литрлік құты табылған.

«Тасымалдау ережелері ескертілген кезде әйел агрессия танытып, екі құқық қорғау органы қызметкерін ұрған. Бұлтартпау шарасын таңдау үшін сотқа жеткізілген кезде азаматша кінәсін мойындамай, мұндай әрекет жасамағанын алға тартқан»,-делінген хабарламада.

Жасын ескере отырып, сот бұған дейін өтінішті қарауды кейінге қалдырып, кепіл немесе үйқамақ сияқты балама шараларды ұсынған. Алайда әйелдің тұрғылықты жерінен де, уақытша ұстау изоляторынан да берілген мінездемелер оның қоғамда белгіленген нормалар мен мінез-құлық ережелеріне бағынуға ниеті жоқ екенін көрсеткені хабарланды.

Жеке тұлғасына қатысты жиналған деректерді, сондай-ақ зейнеткердің Ресей аумағынан шұғыл кетуге ниетті екені жөніндегі жедел ақпаратты ескере отырып, сот Қазақстан азаматына қатысты бұлтартпау шарасы ретінде 2 ай мерзімге қамауға алу туралы шешім қабылдады.

Comments
Other materials