Тоқаев тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау мәселелері бойынша түзетулерге қол қойды

79
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/9Wz54QIwn0j4t45Iwp5CNXR8NmjHdZVTWsEgytFm.webp
26 желтоқсанда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау мәселелері бойынша түзетулерге қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі ресми хабарлама жариялады, деп хабарлайды "Адырна".

 "Мемлекет басшысы "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және білім беру-сауықтыру қызметтері мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды".

 Заңның мақсаты – тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және білім беру-сауықтыру қызметі саласындағы заңнаманы жетілдіру.

Заңда төмендегілер көзделген:

  • археологиялық зерттеулер барысында анықталған тарихи-мәдени мұра объектілері туралы мәліметтерді жинау үшін археологиялық жұмыстарға арналған бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйе құру;
  • тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау мақсатында жер учаскелерін беру және жер пайдалану тәртібін жетілдіру;
  • археологиялық олжалар мен археологиялық материалдарды беру, сақтау және пайдалану тәртібін реттеу;
  • археологиялық олжалар мен материалдарды орталықтандырылған түрде жинау, оқшаулау және сақтау үшін мемлекеттік қор мен жаппай археологиялық олжалардың ұлттық депозитарийін құру;
  • археологиялық жұмыстарды олардың ерекшелігі мен қаржыландыру тетіктерін ескере отырып, жоспардан тыс (алдын алу) және жоспарлы жұмыстарға бөлу;
  • тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы қолданыстағы ұйымдардың қызметін жүзеге асырудың бірыңғай тәртібін айқындау;
  • археологиялық жұмыстар жүргізу кезінде техникалық құралдарды пайдалану тәртібін реттеу;
  • археологиялық жұмыстар барысында анықталған тарихи-мәдени мұра объектілері үшін қорғау аймақтарын белгілеу.

 

Comments