Грозныйда ұшақ апатынан қаза тапқандарға арналған ескерткіш орнатылды

99
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/uVKyRd8Gq4qsz8HwDUmfqr0ibaPq12JlBxmvonNP.webp

Грозный қаласындағы Гейдар Әлиев атындағы скверде «Әзербайжан әуе жолдарына» тиесілі ұшақ апатынан қаза тапқан жолаушылардың құрметіне мемориалдық ескерткіш орнатылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы РИА-ға сілтеп.

Ескерткіштің ашылу салтанатында Шешенстан басшысы мен үкіметі әкімшілігінің жетекшісі Галас Таймасханов сөз сөйлеп, әуе апатының барша жұрт үшін ауыр қайғы болғанын атап өтті.

"Бұл апат барлығымыз үшін аса ауыр хабар болды. Бүгін біз «Баку – Грозный» рейсінің қаза тапқан жолаушыларының рухына тағзым етіп, мемориалдық тақтаны ашып отырмыз", – деді ол.

Іс-шараға Әзербайжанның Ресейдегі елшісі Рахман Мұстафаев қатысты.

Еске салайық, әуе апаты 2024 жылғы 25 желтоқсанда болды. «Азербайжан әуе жолдары» компаниясына тиесілі Embraer E190 ұшағы Бакуден ұшып шығып, Әзербайжанға бағыт алған кезде Ақтау маңында апатқа ұшыраған. Қайғылы оқиға салдарынан 38 адам қаза тауып, 29 жолаушы тірі қалған.

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев ұшақтың құлауына Ресей тарапының қатысы бар екенін мәлімдеген еді. Кейінірек Ресей президенті Владимир Путин Ресейдің әуе кеңістігінде болған оқиғаға байланысты кешірім сұрады.

1 шілдеде әзербайжандық БАҚ Ресейдің әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесінің капитанының ұшақты атып түсіру жөніндегі бұйрыққа қатысты түсіндірме жазбасын жариялады. Ал 9 қазанда Владимир Путин ресейлік ПВО жүйелері «Азербайжан әуе жолдары» ұшағына оқ атқанын ресми түрде мойындады.

Comments