Студенттерге арналған “Ғылым қаласы” қайда салынады?

104
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/qrkTLCuIr3Nkz1lCWjSnXJZktwu6q2rkeS4R3kd8.jpg

Алматы қаласының жүктемесін азайту мақсатында мегаполис маңынан жаңа оқу кампустарын салу жоспарланып отыр, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы «Алматыбасжоспар» ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Асхат Садуов қоғамдық тыңдау кезінде мәлімдеді.

Қоғамдық талқылау барысында қала сыртында тұратын студенттер университетке жету үшін бірнеше сағат жол жүретінін айтып, оқу орындарын қала шетіне көшіру мүмкіндігін көтерді. 

«Мен оқуға жету үшін үш жарым сағат уақытымды жұмсаймын. Университеттерді қала шетінен салуға бола ма?» – деген сауал қойылды.

Асхат Садуов бұл мәселені шешу үшін Алматы маңында «Ғылым қаласын» салу жоспары бар екенін еске салды. Оның айтуынша, БАКАД бойында 500 гектар аумақты қамтитын ірі жоба әзірленіп жатыр. 

Бұл қадам Алматыдағы қолданыстағы университеттердің шамадан тыс жүктемесін азайтуға бағытталған.

"Екі жоба да үкіметтің бақылауында. Ғылым қаласы мен Алатау аумағында көптеген кампустар жоспарланып отыр. Бұл студенттер ағынын тиімді таратуға мүмкіндік береді", – деді «Алматыбасжоспар» директоры.

Алайда жобалардың нақты іске асу мерзімі мен қай университеттердің көшірілетіні әзірге белгісіз. 

Comments