Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху өзіне қатысты жүргізіліп жатқан бірнеше қылмыстық іс аясында президент Ицхак Герцогқа кешірім беру жөнінде өтініш жолдады. Бұл туралы Израиль президентінің кеңсесі жазды, деп хабарлайды “Адырна”.
Report агенттігі Ynet басылымына сілтеме жасап хабарлағандай, өтініш премьер-министрдің адвокаты Амит Хадад арқылы президент әкімшілігінің құқықтық бөліміне тапсырылған. Президент кеңсесі бұл өтінішті «салдары айтарлықтай маңызды, ерекше сипаттағы» құжат деп атап өтті.
«Барлық сараптамалық қорытындылар түскеннен кейін президент бұл өтінішті ең жоғары жауапкершілікпен және мұқият қарастырады», — делінген ресми мәлімдемеде.
Бұған дейін Израильдің бас прокуроры Биньямин Нетаньяхуға алаяқтық, пара алу және сенімді теріс пайдалану баптары бойынша айып таққан болатын. Тергеу бірнеше жыл бойы жалғасып келеді және Израиль саяси өміріндегі аса резонансты істердің бірі саналады.
Премьер-министрдің кешірім сұрауы Израильдің ішкі саяси кеңістігінде жаңа талқылауларға түрткі болды. Сарапшылардың пікірінше, мұндай қадам Нетаньяхудың өзіне тағылған айыптар бойынша сот процестерінің күшеюіне байланысты жасалған болуы мүмкін. Президент Герцогтың шешімі елдегі саяси ахуалға елеулі әсер етуі ықтимал.
"All the land in Uskemen belongs to Akhmetov, and the suburbs of Astana belong to Shokeev" - the deputy said to the minister