Қазақстандық хоккейшілер Бейжіңде өткен Азия чемпионатында барлық матчта жеңіске жетті. Құрамамыз соңғы турда Жапония құрамасынан 4:3 есебімен басым түсті, деп хабарлайды “Адырна”.
Бірінші кезең 1:1 есебімен аяқталып, алғашқы голды Кирилл Ляпунов соқты.
Екінші кезеңде біздің хоккейшілер алға шықты. Алайда жапониялықтар қайтадан таразы басын теңестірді. Ал хоккейшілеріміз 18 секундтан кейін-ақ жауап қайтарып, мүмкіндікті тиімді пайдаланды. Бұл кезең 4:2 есебімен аяқталып, Роман Старченко дубль авторы атанды. Матч соңында қарсылас есеп айырмасын қысқартты. Алайда біздің жігіттер жапониялықтардың шабуылын тоқтатып, жеңісті сақтап қалды. Осылайша Қазақстан құрамасы қатарынан екінші мәрте Азия чемпионы атанды.
Айта кетейік, бұған дейінгі екі кездесуде де қазақстандық хоккейшілер жеңіске жеткен еді. Алдымен Оңтүстік Кореяны 4:2 есебімен ұтты, кейін Қытайды 5:1 есебімен тас-талқан етті.
Осылайша Қазақстан құрлықтық турнирде бірінші орынды иеленді.