Журналист Әсет Матаев Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына ашық хат жолдады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
ҚазТАГ мәліметінше, ашық хатта Екібастұзда ашылған жаңа ферросилициум өндірісінің мемлекеттік қаржыландырылуы мен жобаға Нығматуллин әулетінің қатысуына алаңдаушылық білдірілген.
Матаевтың айтуынша, 24.KZ арнасындағы жаңалықтар сюжетінде Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов пен бұрынғы депутат Ерлан Нығматуллин ашқан өндіріс мемлекеттік қолдаумен жүзеге асқан. Ашық деректерге сүйенсек, құны 92,2 млрд теңгені құрайтын зауыттың 80 пайызы (72 млрд теңге) Қазақстанның даму банкі арқылы қаржыландырылған.
Журналист бұл жағдайды «Әділетті Қазақстан» идеясымен салыстыра отырып, экономикалық және саяси ресурстардың әлі де санаулы әулеттер қолында шоғырланып отырғанының белгісі деп бағалайды.
«Өкінішке қарай, сол 166 отбасының көбі әлі күнге дейін Қазақстанды басқарып отыр. Олардың қатарында Нығматуллиндер отбасы да бар. Халық оларды кезінде Қарағанды өңірінің бейресми иелері атады», – дейді Матаев.
Ол хатында өз отбасының Нығматуллиндермен арадағы жанжалынан кейін бастан өткерген қысым, қудалау, мүлікті жоғалту және денсаулықтың нашарлауына алып келген оқиғаларды да егжей-тегжейлі баяндаған. Матаевтың айтуынша, олардың ісі 2022 жылға дейін ілгерілемеген, себебі билік құрылымында бұрынғы ықпалды топтардың өкілдері отырған.
«2022 жылдың шілдесінде біз толық ақталдық, мемлекет атынан ресми түрде кешірім сұралды. Еуропарламент пен ЕҚЫҰ біздің ісімізді саяси іс деп таныды»,- деп жазады ол.
Сонымен бірге журналист өзінің Президентке үндеуінің жеке реніштен туындамағанын, қоғамдағы әділеттілікке деген сенімнің әлсіреуіне алаңдаудан туғанын атап өтеді.
A record amount. Astana administration will spend 2.6 billion tenge on preparations for the new year