"Күш көрсеткен". Курсанттардың бейнесі тарады

711
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/KqBACOHiO9gs4zWZXkNaOzezdX6ai4D8BJ0skJGS.png

Желіде Семейдегі Шоқан Уәлиханов атындағы “Жас Ұлан” мамандандырылған мектеп-лицей-интернатында түсірілген курсанттардың бір-біріне күш көрсеткен видеосы тарап кетті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Stan.kz-ке сілтеп.

Видеода жоғары сынып оқушысының екінші бір оқушыны қылғындырып жатқан сәті көрінеді. Жәбірленуші қарсылық білдіргенімен, өзін босата алмай қалады.

Оқиғаға қатысты Абай облысының білім басқармасы ресми түсініктеме берді.

Ведомствоның мәліметінше, видеодағы түлектер – “Жас Ұлан” мектебінің 2025 жылғы бітірушілері. Олардың айтуынша, видео 2023 жылы түсірілген.

“Түлектің өзі бұл жағдайды "достар арасындағы әзіл" деп түсіндірді. Ол кезде педагогтар оқиғаны біліп, балалармен түсіндіру жұмыстарын жүргізген. Екі түлек те 2025 жылдың мамырында лицейді бітірген. Қазіргі уақытта олардың бірі Павлодарда, екіншісі Алматыда оқиды”, – делінген ресми хабарламада.

Оқиғаға қатысты қосымша тексеріс шаралары жүргізіліп жатқаны айтылды.

Comments