Қытайлық Ubtech Robotics компаниясы флагмандық Walker S2 робот-гуманоидын жаппай өндіруге кірісті, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Өндіріс қарашаның ортасында басталып, жалпы құны 800 миллион юаньнан (шамамен 53,6 млрд теңге – ред.) асатын тапсырыстарды орындамақ.
Компания жариялаған бейнероликте қаз-қатар тізілген роботтар мен өндіріс цехтары көрсетілген.
«Қарашаның ортасы — бақылау, сериялық жөнелтуді бастау»,-делінген сипаттамада.
Айта кетейік, Walker S2 роботы өндірістік және логистикалық міндеттерге арналған. Оның басты ерекшелігі — аккумуляторларды автоматты түрде алмастыру жүйесі, бұл құрылғыға адам көмегінсіз және үзіліссіз жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Ubtech компаниясы мұндай технологияның робот-гуманоидтар арасында әлемде алғаш рет іске асқанын мәлімдеді.