Қуат көзін өзі ауыстыратын алғашқы робот-гуманоидтың жаппай өндірісі басталды

1055
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/RlADk0yeTOCm3Q9dKC6AF6C7UpumnW1l4XUQH4kw.jpg

Қытайлық Ubtech Robotics компаниясы флагмандық Walker S2 робот-гуманоидын жаппай өндіруге кірісті, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Өндіріс қарашаның ортасында басталып, жалпы құны 800 миллион юаньнан (шамамен 53,6 млрд теңге – ред.) асатын тапсырыстарды орындамақ.

Компания жариялаған бейнероликте қаз-қатар тізілген роботтар мен өндіріс цехтары көрсетілген.

«Қарашаның ортасы — бақылау, сериялық жөнелтуді бастау»,-делінген сипаттамада.

Айта кетейік, Walker S2 роботы өндірістік және логистикалық міндеттерге арналған. Оның басты ерекшелігі — аккумуляторларды автоматты түрде алмастыру жүйесі, бұл құрылғыға адам көмегінсіз және үзіліссіз жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Ubtech компаниясы мұндай технологияның робот-гуманоидтар арасында әлемде алғаш рет іске асқанын мәлімдеді.

 

评论