Президенттің экс-кеңесшісі жаңа қызметке тағайындалды

859
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/2S0BfyEG4v7XyNU7fIc5GKDxzorkOQ9cE75DxKt1.jpg

Президенттің экс-кеңесшісі, Мемлекет басшысының халықаралық экологиялық ынтымақтастық жөніндегі бұрынғы арнайы өкілі Зүлфия Сүлейменова жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Ведомствоның баспасөз қызметі мәліметінше, Зүлфия Сүлейменова Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрлігінде ерекше тапсырмалар жөніндегі елші қызметіне тағайындалды.

Зүлфия Сүлейменова 1990 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. 2012 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша тәмамдап, 2014 жылы халықаралық қатынастар магистрі дәрежесін алған. 2016 жылдан бастап Жапониядағы Ұлттық саяси зерттеулер институтында (GRIPS) PhD докторантура бағдарламасы бойынша білім алған.

Еңбек жолын 2013 жылы бастаған.
2014–2015 жылдары Қазақстан Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының сыртқы саясат және халықаралық қауіпсіздік бөлімінде ғылыми қызметкер болып жұмыс істеген.

2015–2017 жылдары БҰҰ-ның Азия және Тынық мұхиты үшін Экономикалық және әлеуметтік комиссиясында (ЭСКАТО) қоршаған орта және даму, энергетика, макроэкономикалық саясат және даму қаржыландыру бөлімдерінде қызмет атқарған.

2019 жылы БҰҰ Даму бағдарламасының Түрікменстан мен Қазақстандағы жобаларында және ЭСКАТО ұйымында жұмыс істеген.

2020–2021 жылдары Қазақстанның экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінде климаттық саясат және «жасыл» технологиялар департаменті директорының орынбасары қызметін атқарды.

2021–2022 жылдары Мәжілістің VII шақырылым депутаты, халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі болды.

2022 жылғы наурыздан 2023 жылғы қаңтарға дейін экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметін атқарды.
2023 жылғы 4 қаңтарда экология және табиғи ресурстар министрі болып тағайындалған.

2023 жылғы 21 қыркүйекте Президент жарлығымен Мемлекет басшысының кеңесшісі, халықаралық экологиялық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі лауазымына тағайындалған еді.
Ал 2025 жылғы 25 қыркүйекте Зүлфия Сүлейменова бұл қызметінен босатылды.

Comments