«Қайрат» «Интерге» есе жіберді

980
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/DEWYmo0CF4HrypSMGEhM285bbmx4ZO5KR82xcUQd.jpg

Алматылық «Қайрат» футбол командасы Чемпиондар лигасының төртінші туры аясында сырт алаңда италиялық «Интерге» есе жіберді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Кездесу 1:2 есебімен аяқталды. Алматылық команданың намысын қорғаған Офри Арад жалғыз голдың авторы атанды. Ал италиялық клубтан Лаутаро Мартинес пен Карлос Аугусто  қақпаға дәл соққы жасады.

Осылайша қазақстандық клуб турнир кестесінде бір ұпаймен 34-орынға тұрақтады. Бұған дейін «сары-қаралар» «Спортинг» (1:4) пен «Реалдан» (0:5) ұтылып, «Пафоспен» (0:0) тең түскен болатын.

Енді алматылық клуб алдағы ойынын 26 қарашада сырт алаңда Данияның «Копенгаген» командасына қарсы өткізеді.

Comments