Қазақстанның бірінші, әлемнің 6-ракеткасы Елена Рыбакина Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан WTA қорытынды турнирін айқын жеңіспен бастады. Ол әлемнің 4-ракеткасы, америкалық Аманда Анисимованы 6:3, 6:1 есебімен ұтты, деп хабарлайды “Адырна”.
Қазақстандық теннисші 7 эйс жасап, 5 брейк-пойнттың төртеуін тиімді пайдаланды. Ал Аманда Анисимова тек 2 эйс қана орындады.
Осы топта Польша өкілі, әлемнің 2-ракеткасы Ига Швентек те алғашқы ойында америкалық Мэдисон Кизді 6:1, 6:2 есебімен жеңді.
Айта кетсек, Рыбакина келесі кездесуін 3 қараша күні Швентекке қарсы өткізеді.
Related news