Қазақстан мен Қытай арасындағы келіссөз. Сыртқы істер министрлері Бейжіңде кездесті

787
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/a2yusHhgQN2aabaVqd5tflSjsiap4r6XH02oy9ix.webp

Елдің сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Қытай Халық Республикасына ресми сапармен барды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Ресми сапар аясында Бейжің қаласында Қытайдың сыртқы істер министрі Ван Имен кездесті.

Келіссөз барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын талқылады. Ван И Қытайдың Қазақстанмен сауда, инвестиция, көлік, энергетика және ғылыми-техникалық инновациялар салаларында өзара іс-қимылды тереңдетуге ниетті екенін атап өтті.

"Қытай тарапы Шанхай ынтымақтастық ұйымындағы Қазақстанның белсенді рөлін жоғары бағалайды", – деді Ван И.

Сондай-ақ, ол Қазақстанның сыртқы істер министріне Қытай Коммунистік партиясы Орталық комитетінің 20-шақырылымдағы 4-пленумының қорытындылары туралы ақпарат берді. Пленумда 2026–2030 жылдарға арналған 15-бесжылдық экономикалық және әлеуметтік даму жоспары талқыланған.

Кездесу соңында тараптар халықаралық және өңірлік мәселелер бойынша пікір алмасты.

Сапар аясында Ермек Көшербаев Бейжіңдегі Қазақстан мәдениет орталығына да барды. Бұл орталық Қазақстан мен Қытай үкіметтері арасындағы 2023 жылғы қарашада жасалған келісім негізінде биыл құрылды.

Comments