TikTok блогері әрі директор Ақмоншақ Нұртаза "Шапағат" медалімен марапатталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
“Бұл күн – мен үшін әрдайым ерекше мәнге ие еді. Ал биыл бұл күн бұрынғыдан да ерекше – мен алғаш рет “Шапағат” медалімен марапатталдым”, – деп жазды Ақмоншақ Нұртаза.
Ол медальдің мәнін ерекше атап өтті.
“Медальдың мағынасына үңілсем, ‘белсенділік пен мейірімділік үшін’ деген сөздер көзіме бірінші түсті. Сол сәтте жүрегім елжіреп кетті – бұл ұғымдар менің өмірлік ұстанымыммен үндес” - деді ол.
Ақмоншақ білім саласындағы белсенділігін тек өзінің еңбегі емес, ұжымының бірлігі, ата-аналардың сенімі, оқушылардың табысы және халықтың қолдауының көрінісі деп атап өтті
Ол сонымен қатар: “Марапаттың ең қымбаты – халықтың сүйіспеншілігі мен сенімі. Ал ең үлкен бақыт – елге қызмет ету”, – деді.