Қазақстанда жасанды интеллект салдарынан 2,5 миллионнан астам адам жұмыссыз қалуы мүмкін, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
ЖИ және цифрлық даму вице-министрі Дмитрий Мун мемлекеттік шаралараға тоқталды.
«2029 жылға дейін 1 миллион азаматты ЖИ-мен жұмыс істей алатындай қайта оқыту жоспары бар. Оқу бейнәлері «Astana Hub» платформасында қол жетімді», - деді ол.
Елде шамамен 423 кәсіби топ талданып, оның 25 %-ға жуығы, яғни 2,2-2,5 млн жұмыс орны жоғары немесе орташа дәрежеде автоматтандыру қаупі бар екені анықталған. Оның ішінде 1 миллионнан астам жұмыс орны генеративтік ЖИ арқылы толықтай алмастырылуы ықтимал делінеді.
Ең жоғары тәуекелде тұрғандар қатарында қаржы, ақпараттық технологиялар, ғылым-денсаулық сақтау, креативті және қызмет көрсету салалары бар.