ЖИ салдарынан қанша қазақстандық жұмыссыз қалуы мүмкін?

1128
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/NpN5XM4FOUliFjxVkfp7qBBoZOBRyJlgNEw2lkXz.webp

Қазақстанда жасанды интеллект салдарынан 2,5 миллионнан астам адам жұмыссыз қалуы мүмкін, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

ЖИ және цифрлық даму вице-министрі Дмитрий Мун мемлекеттік шаралараға тоқталды.

«2029 жылға дейін 1 миллион азаматты ЖИ-мен жұмыс істей алатындай қайта оқыту жоспары бар. Оқу бейнәлері «Astana Hub» платформасында қол жетімді», - деді ол.

Елде шамамен 423 кәсіби топ талданып, оның 25 %-ға жуығы, яғни 2,2-2,5 млн жұмыс орны жоғары немесе орташа дәрежеде автоматтандыру қаупі бар екені анықталған.  Оның ішінде 1 миллионнан астам жұмыс орны генеративтік ЖИ арқылы толықтай алмастырылуы ықтимал делінеді.

Ең жоғары тәуекелде тұрғандар қатарында қаржы, ақпараттық технологиялар, ғылым-денсаулық сақтау, креативті және қызмет көрсету салалары бар.

댓글
기타 기사