"Қазақстан аумағында жарылған дрон". Полиция түсініктеме берді

1299
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/Zby0CU7LKI9JhDxvabvtVFPv62Iv8nfT8Bt3peFB.webp

23 қазан күні әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Батыс Қазақстан облысындағы Қызылтал ауылы маңында «беймәлім дрон жарылды» деген ақпарат тарады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Telegram арналарында оқиға орнынан түсірілген суреттер жарияланып, кей деректерде «дронның ішінде жарылғыш зат болуы мүмкін» деген болжам айтылған.

Сондай-ақ көршілес Ресейдің Орынбор облысында осы уақытта дабыл жарияланғаны туралы ақпарат тараған.

Алайда бұл мәліметтерге қатысты ресми түсініктеме берген облыстық Полиция департаменті қауесетке нақты жауап берді.

«Бөрлі ауданы аумағында елді мекеннен тыс жерде ұшқышсыз ұшу аппаратының бөлшектеріне ұқсас заттар табылды. Қазіргі уақытта полиция департаменті мен уәкілетті қызметтер тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда», — делінген БҚО ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Қазір мамандар табылған заттардың шығу тегін және олардың жарылысқа қатысы бар-жоғын анықтап жатыр.

Comments